«46 шахтер өлгенде біреуі келген жоқ». Айтыс ақыны жылап жіберді

Аиса Махамбет Редактор
03.02.2024, 19:53
1312
«46 шахтер өлгенде біреуі келген жоқ». Айтыс ақыны жылап жіберді видеодан алынған кадр

Айтыскер мәжіліс депутаттарына ренжіді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысы мәслихатының депутаты, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұл LiFe 09 YouTube арнасына берген сұхбатында Мәжіліс депутаттарын сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеше айтысқа бардым. «Аманат» партиясы ұйымдастырған «Алтын домбыраға» барлық депутат барды. Сол кезде оларға «46 шахтер өлді, неге келмедіңдер?» дедім. Сөйтсем: «Бізде бәрі хаттамамен ғой, бізден екі депутат барды, бізді жібермейді» деп сылтау айтады. Бұл барлық депутатқа қатысты сын: айтыскеріне де, заңгеріне де, басқасына да. Біреуі келген жоқ. Келсе халық өздері сайлағандар келді, егер олар келмегенде, бұдан былай Қарағандыға аттап басуға қақы болмаушы еді. Бір емес, 46 адам қайтыс болғанда бір депутаттың келмеуі сұмдық қой, - деді ақын.

Айтбай Жұмағұл жерлеу рәсіміне де мәжілісмендердің бір де бірі келмегенін айтып налыды. Тіпті көз жасына ерік берді.

Қызылорда, Маңғыстау болса, түсінуші едім. Ал Қарағанды тиіп тұр. Он күн жерледік. Біздің ауылдан екі адам қайтыс болды. Қайтыс болған адамның баласымен жаназада қатар тұрдық, оңай емес... Қарағандыдан бір ақын келген жоқ. Осыдан соң мен ақынмын, депутатпен қалай айтады? Мен де кереметпін демеймін, бірақ шамам келгенше бірнеше адамның жаназасына бардық, қайғыдан қан жұтқан отбасыларға көңіл айттық, - деді ол.

Мәслихат депутаты ауызбен орақ оратындарды да сынға алып, бәрін іспен көрсету керектігін айтады.

Құрмет деген бауырымыз Маңғыстауда мал қырылғанда шөп орып жіберді емес пе? Ал сен ауызбен орақ орып жүрсің. Қияметке барғанда не деп жауап бересің? Ертең Маңғыстауға барып халық алдында не деп айтысып, не деп мақтайсың?! – деді ол.

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті