Ақтау мен Сари арасында тікелей әуе рейсі ашылды

04.02.2024, 14:16
650
Ақтау мен Сари арасында тікелей әуе рейсі ашылды Маңғыстау облысының әкімдігі

Иран Ислам Республикасы Мазандаран провинциясының орталығы Сари қаласы мен Ақтау арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

 

Иранға арнайы іссапармен барған Маңғыстау облысының делегациясы Мазандаран провинциясының губернаторымен кездесіп, екіжақты байланысты арттыру мәселелерін талқылады.

«Екі ел Президенттерінің Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын 3 млрд долларға жеткізу жайындағы келісімі бар. Сол межеге жету үшін бар мүмкіндікті жүзеге асыруға ынталымыз. Маңғыстау облысында бірлескен 52 кәсіпорын бар. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы, жеміс-жидек, көкөніс өсіру мен туризм бағытында жаңа жобаларды іске асыруға шақырамыз. Бүгінде Маңғыстау Қазақстанның үздік туристік аймақтары тізімінде. Былтыр 1320 ирандық Маңғыстау өңіріне саяхаттап келген. Екі аймақ арасындағы жаңа ашылған әуе қатынастары биыл бұл санды бірнеше еселеуге жол ашады деп сенемін», - деді Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж.Матаев.

Мазандаран провинциясының басшысы Хосейни Пур Каспий теңізі арқылы шектесіп жатқан қос өңір арасындағы әріптестік ынтымақтастықтың дами түсуіне мүдделі екенін жеткізді.

«Маңғыстау мен Мазандаранды көп нәрсе байланыстырады. Біздің провинцияның 480 шақырымы теңіз жағалауы бойында орналасқан. Үш ірі теңіз портымыз арқылы Маңғыстау порттары арасында жүк тасымалын жандандыруға мүмкіндік зор», - деді ол.

Сонымен, енді Сариден Ақтауға тікелей әуе кемелері ұшатын болды. Бұған дейін Мазандаранның Горган қаласымен арада ұшақ қатынайтын.

Айта кетсек, Мазандаран – ауыл шаруашылығы мен туризм, оның ішінде медициналық туризм қарқынды дамыған аймақ. Сари қаласында діни және тарихи орындар көп шоғырланғандықтан мұнда туристер ағыны мол. Жылына 40 млн адам саяхаттайды.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді