БҰҰ тәліптерді әйелдерді киім үлгісін бұзғаны үшін жазаламауға шақырды

Аиса Махамбет Редактор
04.02.2024, 20:15
881
БҰҰ тәліптерді әйелдерді киім үлгісін бұзғаны үшін жазаламауға шақырды Reuters

Ұйым қаңтар айының басынан бері ондаған әйелдер мен қыздар ұсталып, қатыгездікке ұшырағанына алаңдап отыр.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, БҰҰ сарапшылары тәліптерді әйелдер мен қыздарды киім үлгісін бұзғаны үшін қамауға алуды тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Ұйым қаңтар айының басынан бері ондаған әйелдер мен қыздар ұсталып, қатыгездікке ұшырағанына алаңдап отыр.

"Біз тәліптерді әйелдер мен қыздарға қатысты қатаң киім кию әдебін бұзғаны үшін кез келген ерікті түрде бас бостандығынан айыруды тоқтатуға және ұсталғандарды дереу босатуға шақырамыз",- деді БҰҰ тәуелсіз сарапшылары.

Олар билікті Ауғанстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін, соның ішінде әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы Конвенция шеңберінде сақтауға шақырды.

БҰҰ-да атап өткендей, ауғандарды ұстау бастапқыда Кабулдың батысында басталған. Бірақ тез арада қала мен провинцияның басқа бөліктеріне таралды. Тұтқындаулар сауда орталықтарында, мектептерде және базарларда жалғасқан. Әйелдер мен қыздарды полиция күштеп алып, сыртқы әлеммен байланыссыз қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың тамызында тәліптер билікке келген кезден бастап Ауғанстанның жағдайы нашарлады. Қыздар мен әйелдер оқу, жұмыс істеу және қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндігінен айырылды.

2022 жылдың мамырында тәліптер ауғандарға денесі мен бетін толығымен жабатын кең қара киім киюді бұйырды. Дресс-код ережелерін сақтау жауапкершілігі ер туыстарына жүктелді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды