Майқайыңда жер астына түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары тоқтауы мүмкін

05.02.2024, 09:18
952
Майқайыңда жер астына түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары тоқтауы мүмкін ТЖМ

Павлодар облысындағы Майқайыңда жер астына түсіп кеткен автобусты іздестіру жұмысы одан әрі жалғаспауы мүмкін. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

Арнайы сканер ойық түбіндегі тау жыныстарының құрылымы өзгергенін әрі жұмсарып бара жатқанын анықтады. Әзірше іздеу-құтқару жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, бүгін мамандар геологиялық радармен ойық түбін кезекті рет сканерлеген.

Геологиялық сканерден алынған мәліметтерді зерделей келгенде, шұңқыр түбіндегі тау жыныстарының құрылымы өзгеріп, босаңси бастағаны анықталды. Нысанның жанында және астында қуыстар мен бос кеңістіктер бар. Кез келген сәтте тау жыныстары төмен опырылып түсіп кетуі мүмкін. Қазіргі күні ойықтың барлық периметрін тексеріп шығуға арналған комиссия құрылып жатыр. Комиссия тау массасын толықтай барлап, іздестіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру керек пе, жоқ па, соны анықтайды, - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін апат орнында экскватор мен мамандар әдеттегідей режімде жұмыс істеді. Еске сала кетейік, кеше жұмыстар жүріп жатқан жерде терең ойық пайда болып, құтқарушылардың жұмысы шұғыл түрде тоқтатылып отыр.  

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады