"Ішің күйсе тұз жала": Мақпал Жүнісова әріптесі Нағима Есқалиеваға өкпеледі

05.02.2024, 14:55
8991
"Ішің күйсе тұз жала": Мақпал Жүнісова әріптесі Нағима Есқалиеваға өкпеледі коллаж

Нағима Есқалиева 70 жас мерейтойын атап өтіп, өнердегі әріптестерінің басын қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

“Қазақ эстрадасында ортажастағы қыз-келіншектердің арасынан үш-ақ әйел “Халық әртісін” алдық. Бірі – Нағима, екіншісі – Мақпал, үшіншісі – мен”, – деді Роза Рымбаева.

Оны естіп тұрған туған күн иесі: “Мақпал халық әртісі емес", - деді. 

Өз кезегінде Мақпал Жүнісова да үнсіз қалмады. Жеке парақшасына жазба жариялап, әріптес-әпкесіне ренішін жеткізді.   

“Нағима әпше, ішіңіз күйсе тұз жалап жіберіңіз, мен өз еліме құрметтімін. Мен апамды жақсы білемін. Менен жасы үлкен ғой деп көрген жерде сәлем беремін. Маған Нағимадай әнші болу арман болған жоқ. Талай жерде “Сен “халық әртісін” менен ерте алып қойдың” деп айта береді. Ол үшін халықтың алдына көбірек шығып, қазақ әніне еңбек етсін! Менімен қалжыңдайтын менің досым емес, құрбым емес. Әуелі Зәкең өмірден озғанда да бір жылдан соң концертте көңіл айтқан. Жақсы көрсе мерейтойына шақырмай ма?!”, – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары Нағима Есқалиеваның сөзіне шамданып, түрлі пікір жазып жатыр. “Мақпалдай болу қайда саған?!, “Нағиманың бір әнін жатқа білмейміз”, “Біз бәрібір Мақпалды жақсы көреміз”, “Роза айтқан тілегіне өкініп қалған шығар”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды