Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды

05.02.2024, 14:34
585
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтті. Жиын барысында Федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Конференцияның кезекті отырысында өткен жыл қорытындыланып, ерлер және әйелдер командасы бас бапкерлерінің есебі тыңдалды. ҚБФ жаңа басшысының сайлау отырыстың соңғы бөлігінде өтті.

Жаңа қызметінде алғаш рет сөз алған президент ҚБФ алдындағы міндеттерді бірлесіп орындаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол өзіне сенім артқан Қауымдастық мүшелеріне алғыс білдіріп, ортақ мақсатқа жету жолында өзінің бар күшін салатынын айтты.

«Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан боксын әрі қарай дамытуға, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың мүддесін қорғауға, ҚБФ ролін ел ішінде және халықаралық деңгейде арттыруға бар күшімді саламын. Биыл өтетін маңызды додалар қарсаңында команданың алдында үлкен бір мақсат тұр. Өз тарапымыздан дайындыққа қажетті барлық жағдайды жасауды жалғастыра береміз. Бірлесе еңбек ету арқылы отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз», - деді ҚБФ жаңа басшысы.

Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысындағы Казцик ауылында туған. Экономика ғылымдарының магистрі, Куала-Лумпурдегі The Asia Pacific University of Technology & Innovation (APU) оқу орнында білім алған. Кәсіпкер, «Integra Construction KZ» ЖШС-ның бенефициар иесі.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды