Президент «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

05.02.2024, 15:37
730
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады Ақорда

Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіптің» былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы есеп беріліп, компанияның қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективаға арналған мақсаттары мен жоспарлары таныстырылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

 

Президентке өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өнімдерін өндіру көлемі 21 мың тоннадан, ал сату көрсеткіші 18 мың тоннадан асқаны жөнінде баяндалды. Мейіржан Юсуповтың айтуынша, 2023 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалданған уран өнімдерінің үлесі айтарлықтай артқан. Қазақстаннан батыс елдеріне жөнелтілген уранның 64 пайызы осы транзит дәлізі арқылы тасымалданған.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндіріс орындары орналасқан өңірлерді дамытуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалар туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар Президентке минералдық-шикізаттық базаны кеңейту және толықтыру жұмыстары жайында айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді