Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ұлының сүндет тойын өткізді (фото)

05.02.2024, 17:30
3055
Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ұлының сүндет тойын өткізді (фото) akbotanurabaykyzy

Әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбет ұлын сүндеттеп, той жасады. Бұрынғы енесінің 70 жасы мен тұңғышының сүндет тойын бірге өткізген өнер иесі мейрамхана төріне Дәурен Айдарқұловпен бірге шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса тойдың естелігін Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Әжеміздің 70 жасы мен ұлымның сүндет тойын бірге өткіздік. Енеме құрметім шексіз", - деп жазды Ақбота Сейтмағамбет.

Сонымен қатар актриса енесінің туған күніне тілек айтып, көзіне жас алды. 

"Бұл үйдің қызы болып кеттім негізі. Көбісі не болып жатыр деп түсінбей жатқан шығар. Ең бастысы сізді жақсы көрем, құрметтеймін. Орының бөлек, өзіңіз білесіз. Аман болыңыз", - деп актриса көзіне жас алды.

Ал Ақботаның енесі келініне алғыс айтқан.

"Мен Ақботаны қалай жек көремін? Қалай жамандаймын? Дәуреннің алдында Жомарт деген ұлым болды. Алла 24 жасында алды. Ақбота маған Жомартымнан аумайтын Ибрагимді сыйлады", - деді әншінің енесі.

Тойға өнер иелерінен Әбдіжаппар Әлқожа мен "Алатау серілері" тобы келген. Еске сала кетейік, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбеттің тұңғышы 2017 жылы өмірге келді. Жұлдызды жұп 2020 жылы ажырасты. Бұл актердің екінші некесі болатын. Айдарқұловтың бірінші отбасынан - үш, екінші некесінен - екі баласы бар. 

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?