Қазақстан мен Иранның қолжазба реставраторлары тәжірибе алмасып жатыр

06.02.2024, 10:28
917
Қазақстан мен Иранның қолжазба реставраторлары тәжірибе алмасып жатыр gov.kz

Бүгін Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Каллиграфия» көрмесі ашылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Көрмеде тарихи ескерткіштертегі куфи жазуымен жазылған 50-ден аса картина және XIII ғасырда жазылған тарихи тұлғалардың өмірдеректері мен XVIII ғасырда қағазға түскен Орта Азиядағы түркі халықтарының көшбасшылары жайлы «Зобдат-уль-тарих» қолжазба көшірмелері бар.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Бекділдәұлының айтуынша көрмеге Иранның ең мықты каллиграфтары мен реставраторлары келген.

Іс-шара аясында Ираннан арнайы шақырылған мамандар мен қазақстандық архив, кітапхана, музей және ғылыми орталықтардың реставраторлары көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды каталогтау, жүйелеу, цифрлық жүйеге көшіру, қалпына келтіру және каллиграфия өнері бойынша тәжірибе алмасады.

Ирандық мамандар қолжазбалар мен баспа ісін реставрация жасау ісінде озық тәжірибеге бай. Көрмеге қойылған тарихи-мәдени ескерткіштерден алынған көне жазулар үлгісі мен қолжазба көшірмелері реставраторлардың жойыла бастаған мұраларды қайта жаңғыртқан таңдаулы жұмыстары, - деп Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Али Акбар Джоукар атап өтті.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған іс-шаралар түрлі тақырыптар аясында апта бойы жалғасады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды