Президент Премьер-Министр лауазымына Бектеновті тағайындауға Мәжілістің келісім беруін сұрады

06.02.2024, 15:11
496
Президент Премьер-Министр лауазымына Бектеновті тағайындауға Мәжілістің келісім беруін сұрады Виктор Федюнин / Kazinform

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министр лауазымына Олжас Бектеновті тағайындау үшін депутаттардың келісім беруін сұрады.

«Мен бүгін Конституцияның 44-бабаның 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісу үшін Олжас Бектеновтің кандидатурасын Мәжілістің қарауына ұсынамын. Бұл кандидатураны әуелі «Amanat» партиясы ұсынды. Мен бұл ұсыныспен келістім. Олжас Бектенов - тәжірибелі мемлекеттік қызметші. Оның Қазақстан экономикасы және басқа да салалары бойынша білімі мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәртіпті әрі адал, еңбекқор азамат. Сондықтан ел экономикасының алдында тұрған мақсаттарды жүзеге асыруға қабілеті жетеді деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы осы аптадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Министрлер кабинетінің жаңа құрамына жаңа міндеттер жүктелетінін айтты. 

«Сіздер келісім берген жағдайда, Үкіметтің жаңарған құрамы табыстарымызды сақтай отырып, Қазақстанды сапалы даму жолына шығару үшін бар күш-жігерін салады деп сенемін. Ертең Үкіметтің кеңейтілген жиыны өтеді. Сол кезде жаңа құрамның алдында тұрған маңызды міндеттерге толығырақ тоқталамын», - деді Президент.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды