Күнсұлу Закария вакциналарды әзірлеу бойынша әлемнің топ-ғалымдары қатарына кірді

06.02.2024, 14:45
886
Күнсұлу Закария вакциналарды әзірлеу бойынша әлемнің топ-ғалымдары қатарына кірді aikyn.kz

International Woman's Day (IWD) жаһандық бастамасы вакцина жасайтын аса көрнекті әйелдерді атап өтті.

Қазақстандық ғалым Күнсұлу Закария «COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының тең басшысы вакцинацияны дамытуға барынша үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне кірді.

Ұйымның пікірінше, Сара Гилберт (AstraZeneca), Катрин Ян ее (Pfizer), Кизмекия Корбе (Moderna), Елена Смолярчук (SputnikV), Сумати Кей (Covaxin India), Хэнеке Шутмэкер (Johnson&Johnson) және Озлем Туречи (BioNTech) пандемиямен күреске айтарлықтай үлес қосқан.

Қазақстанда әзірленген QazVac (QazCovid-in) вакцинасы тазартылған, концентрацияланған, белсенділігі жойылған вакцина. Қазақстандық вакцинаны әзірлеу технологиясы уақытпен сыналған, оның барлық компоненттері сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды әзірлеу кезінде мақұлданған. Оның тиімділігі, зерттеулер мен қолдану тәжірибесіне сәйкес 90%-дан жоғары.

Күнсұлу Закария – биологиялық қауіпсіздік саласындағы беделді ғалым. Оның ғылыми зерттеулерінің негізгі нәтижелері Lancet-тен EClinicalMedicine, Frontiers in Microbiology, Infectious Diseases of Poverty, Veterinary Microbiology, Tropical Animal Health and Production, Plant Protection Science және т.б. жоғары рейтингі бар халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар ретінде жарияланды. Ол сонымен қатар көптеген ғылыми жарияланымдардың, монографиялардың, патенттердің және профилактикалық және диагностикалық препараттарды өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттардың авторы. «Биоқауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының бас редакторы. Мемлекеттік ғылыми мекемелерде басшылық қызметтер атқарды. 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және технологиялар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды