Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі болып қалды

06.02.2024, 19:53
737
Аида  Балаева Мәдениет және ақпарат министрі болып қалды gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.

 

Аида Ғалымқызы 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

1999-2002 жылдары — Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

2002-2004 жылдары — Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.

2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.

2005-2006 жылдары — Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2006-2008 жылдары — Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары — Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.

2010-2014 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2014-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2020-2022 жылдары (қаңтар) — Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2022-2023 жылдары (қыркүйек) — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.

«Құрмет» орденімен (2010) марапатталған.

Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды