«Орыс әлемі» Орта Азия елдеріне ендеп барады

06.02.2024, 20:59
1776
«Орыс әлемі» Орта Азия елдеріне ендеп барады smartnews.kz

«Орыс әлемі» деген бар. Ол бір нақты ұйым да емес, орган да емес, жалпылама түсінік. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бұл сөздің заңды анықтамасы да жоқ. Ұлт идеологиясының бір қанаты деуге де келеді. Себебі «Орыс әлемі» термині дүниежүзінің орыстілді тұрғындарын біріктіруді меңзеу үшін қолданылатын сөз. Кейбір зерттеушілер «Орыс әлемі» дегенді қандай да бір түсіндірмесі жоқ белгі, оған саяси элита жағдайға қарай тиімді тұсынан пайдалана беру ұғымын шегелеп қойған деп жатады.   

«Орыс әлемі» ұғымы бұрыннан бар. Ал оның қазіргі уақыттағы тұжырымдамасы 1990 жылдары пайда болды. «Орыс әлемі» дегенді бетке ұстағандардың көпшілігі сол тұста Ресей элитасына жақын адамдар болды. «Орыс әлемін» 2008 жылдан бастап Ресей үкіметі сыртқы саясатта пайдалана бастады, оның доктринасы пайда болды. «Орыс әлемі» бірінші кезекте Ресей, Беларусь және Украина елдерін біріктіруге және орыстілді тұрғындары бар өзге де елдерге ықпалын күшейтуге бет бұрды. Шамасы келсе орыс тілін қорғаймыз деген сылтаумен Балтық жағалауы елдеріне тізе батырғысы келеді. «Орыс әлемі» доктринасы 2014-2022 жылдары Ресейдің Украина жеріне қарумен кіруін ақтау үшін пайдаланылды.

Демек, «Орыс әлемі» ұғымы Ресей үкіметінің қолындағы күзірге айналды. Оның  доктринасы мен тұжырымдамасы жазылды және барша орыс атаулы мен орыстілді адамдарды біріктірудің ұранына және қорғаудың қаруына айналып отыр. «Орыс әлемі» орыстарды біріктіріп және қорғап қана қоймайды, жерінде орыстар да өмір сүретін шет елдерге ықпалын арттыруға күш салады, қажет жағдайда қару қолданады. Осының нақты мысалы – орыстарды ұлтшылдардан қорғау деген сылтаумен Украинаны күшпен өзіне қосып алу әрекеті. Мұнда ізгілік бар деуге келмес, керісінше, көрер көзге әлімжеттілік бар. Бір сөзбен айтқанда, Ресейдің «Орыс әлемі» доктринасы немесе тұжырымдамасы әлемдегі орысы бар елдер үшін қатты алаңдайтын нәрсе болып тұр. Бұл жағынан әсіресе біз сияқты көрші елдердің ұйқысы шала. Өйткені көршілері «Орыс әлемін» бетперде еткен Ресейден  кез-келген уақытта, ойламаған жерден қағажу көруі мүмкін.

Орыс тілін қорғау демекші, «Орыс әлемін» алдына салған Ресей билігі Орталық Азия елдерін де жіті назарда ұстап отыр. Ресей Орталық Азия елдерінде орыс тілін өркендету және ол жақтағы орыстардың үстем болуы үшін әрекет етеді. Мұндай жұмысты жүргізу «Орыс әлемі» доктринасының бір тармағы. Өткен жылы Астанаға Ресей президенті Владимир Путин жұмыс сапарымен келгенде жасалған бірталай келісімнің ішінде Қазақстанның оңтүстік облыстарында таза орыс мектептерін салу келісімі де болды. Бізде онсыз да қазақ-орыс аралас мектептері баршылық. Соған қарамай елімізде төрт таза орыс мектебі Ресейдің бюджеті есебінен салынатын болған. Ол мектептердің мұғалімдері Ресейден қоныс аударылады екен.

Орталық Азияда орыс мектептері ең көп ел Тәжікстан. Тек 2022 жылы Тәжікстанда Ресейдің ақшасына бес таза орыс мектебі салынған. Ал ол елдегі таза орыс мектебінің саны 60, тәжік-орыс аралас мектебі 244 екен. Содан болар, Тәжікстандағы барлық орыс сыныптарын алдағы оқу жылында оқулықпен толық қамтамасыз етуді Ресей өз міндетіне алды. Бұл үшін Федералдық бюджеттен 200 миллион рубль қаржы бөлініпті.

Өткен желтоқсанда Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Түркіменстан билігіне орыс тіліне деген қамқорлығы үшін ризалық білдірді. Түркіменстан халқының 12 пайызы өзінің ана тілі ретінде орыс тілін атайтын көрінеді. Лавровтың айтуынша, Түркіменстанда орыс тілін дамытуға және орыс мәдениетін өрістетуге жергілікті билік күш салып жатқан көрінеді. Орыс тілі Қырғызстанда да кең тараған, оның Өзбекстандағы жағдайы да жаман емес. Өзбектер өз шеңберін қаншалықты таза ұстауға әрекет еткенімен де «Орыс әлемінің» сүйкенбейтін жері жоқ.

«Орыс әлемі» осы күні Африка елдерінде де жемісті жұмыс істеп жатыр. Орыс тілі Африканың  Кот-д'Ивуаре,  Буркина-Фасо және Уагадугу деген елдерінде мектептерде оқытыла бастапты.

Орыстың қазіргі билігінің тілді қорғау және бөтен жерлерде дамыту деген саясаты тіксіндіретіні болмаса, орыс тілінің өзінде тұрған ештеңе жоқ, негізі. Ол да бір халықтың тілі. Сол тілді саудаға салып, өзгелерге ықпалын күшейтуді көздеп отырған орыс халқы емес, сол халықтың қазіргі билігі. Ал тілді желеу етіп «Орыс әлемі» деген жалпылама түсінікті қару етіп бетке ұстағанын кім ұната қойсын. Орыс еместер бұған осқырына қарайды. Қазақ «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген ұстанымдағы халық және орыс тілін сырттан телімесе де жақсы меңгерген. Еліміздің билігі де орыс тіліне келгенде мырзалық танытып отыр. Тек өз тілімізге ие болу бәрімізге сын. Орыс тіліне елімізде ешқандай шектеу жоқ болуы қазақ тіліне нұқсан келтірмеуі керек. Қазақ тілінің қолданысын жандандыру қазақтың өз қолында дегіміз келеді.  

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады