"Сынақтар жалғаса береді": Түсіпбаева тұрмыстағы жанжалға әйелдерді кінәлаған депутатқа жауап берді

07.02.2024, 09:52
1132
"Сынақтар жалғаса береді": Түсіпбаева тұрмыстағы жанжалға әйелдерді кінәлаған депутатқа жауап берді meruert_tusupbaeva

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірген мәжіліс депутаты Анас Баққожаевқа жауап берді. Бұл туралы ол өз парақшасында жазды.

Өнер иесі Анас Баққожаевтың пікірімен келіспейтінін жеткізіп, қазақ қыздарының өмірі қаншалықты қиын екенін түсіндірді.

"Бүгін Варшава көшелерін аралап жүріп, қазақ қыздарының өмірі қандай қиын екенін ойладым. Жаяу жүргенде миыңа сансыз ойлар келеді. Өзімнен өзім, қазақтың қыздары неткен мықты деп ойладым. Отбасында, көбінесе қазақтар қыздарын басып өсіреді. "Қой, ұят болады, олай жасама" деп ұрысады, жұмысқа салады. Негізі, қатты ұстайды. Сосын, оқығаны оқып, күйеуге шығады. Сынақтар жалғаса береді. Ол жерде, аждаhaлар дайын. Ене, (енесінің сіңілі-әпкелері) атасы, қайынсіңілілері және өз күйеуі. Оны жақсы адам деп есептейік (ішкіш, ойынқұмар, жүргіш, нашақор болмағанда) Енді өз отбасындағыдан бетер өмір басталады. "Отыр, тұр, жина, сыпыр, неге мынау былай, неге анау солай" деген сөздер кетеді", - дейді әнші.

Сөзінше, жүйке жүйесіне қысым басталады.

"Ол байқұс қыз бөтен жерге келді. Ол да стресс, 1-2 жыл үйренсін деп ешкім күтпейді! Бірден робот секілді үйренісіп кету керек. Одан бала туады, жұмыс одан сайын көбейеді. Енді, келін, ана, жар , өз ата-анасына да қарайлайды, жұмысы бар. Жұмыстан керегін арқалап келіп, тынбай үй жұмысын жасайды. Сонда да ешкімге жақпайды. Менің көп таныс құрбыларымның өмірі осы. Өздеріне де қарайды, бала-шағаны да өсіріп тәрбиелейді. Бір жүрген роботтар, аман болыңдар қазақтың мықты қыздары. Ал депутат мырза, сіз осы режимде бір күн өмір сүрсеңіз үндемесең едіңіз. Айтуға оңай, бұл бер жағы ғана", - деп жазды әнші. 

«Камераның паролін ұмытып қалдым»: Балабақшаға баратын бүлдіршін саңырау боп қалды (ВИДЕО) «Далаға атып шықтық»: Айнұр Тұрсынбаева Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде дүкенде жүргенін айтты Астаналық келіншек Сириядағы содырларға қыздарын бермек болған «Көп құтырған екі рет қамалады»: Блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынды Microsoft Work Trend Index 2025 есебі: заманауи жұмыс процестерінің дәуірін жаңа буын компаниялары анықтайды – Frontier Firm АҚШ-тың 12 штаты Трампты сотқа берді Күйеуінің көңілдесімен болғанын жасырын түсіріп алған әйел бейнежазбаны желіге салып жіберген Құны 50 млн теңге тұратын сәукеле Ресейдегі музейден табылды Полицейді өлтірген 19 жастағы бозбала орманда тығылып жүр «Саясаткерсымақтар бар»: Тоқаев халықты елге іріткі салатындармен күресуге шақырды Тоқаев: «Қытайдың қазаққа зияны жоқ» Дауа іздегендерге несие алдырған ақтөбелік емші сот алдында жауап беріп жатыр «Сериалдағы рөлі үшін»: Танымал блогердің үстінен іс қозғалды «Түрмеде отырғаным артық еді»: Ресейдің атынан соғысқа қатысқан қазақ жігіті өз оқиғасын әңгімеледі Айыппұлдан шаршаған ер адам 52 камераны сындырып, енді 40 млн теңге айыппұл төлейтін болды Айжұлдыз Адайбекованың құлағына сырға салынды Түркиядағы жер сілкінісінен 236 адам зардап шекті Алматыда такси жүргізушісін ұрып тастаған ер адам ұсталды Астанада алты жасар баланы жүк көлігі қағып өлтірді 24 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды