665

12 облыста республикалық маңызы бар жолдардың 66 учаскесі жабылды

7 ақпан сағат 15.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

12 облыста республикалық маңызы бар жолдардың 66 учаскесі жабылды
Мухтор Холдорбеков/ Kazinform
 

Ақмола облысында – 12 учаске;

Ақтөбе облысында – 13 учаске;

Атырау облысында – 2 учаске;

Жамбыл облысында – 1 учаске;

Жетісу облысында – 1 учаске;

Батыс Қазақстан облысында – 7 учаске;

Қарағанды облысында – 11 учаске;

Қостанай облысында – 8 учаске;

Қызылорда облысында – 1 учаске;

Павлодар облысында – 3 учаске;

Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске;

Ұлытау облысында – 3 учаске.

Шектеу енгізілген учаскелер туралы ақпаратты осы сілтеме арқылы білуге болады.