652

Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішінің тұғыры бір түнде жоғалып кетті

Журналист Есдәулет Қызырбекұлының жазуынша, ескерткішінің тұғырын түнде алып тастаған. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлап отыр.

Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішінің тұғыры бір түнде жоғалып кетті
Есдәулет Қызырбекұлының парақшасынан

– Талдықорғанда Қаңтарда қираған Назарбаев ескерткішінің тұғырын светті өшіріп қойып, жеті қараңғы түнде алып тастапты. Жарық дүниеден қорықты ма, жоқ әлде күн көсемді қатты құрметтеді ме кім білсін, әйтеуір тұғырынан тайдырыпты экс-елбасыны, – деп жазды журналист.

Ескерткіштің тарихы

Талдықорғандағы экс-президенттің Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші 2016 жылы бой көтерген. Оны 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде наразылық білдіріп шыққандар құлатқан. Ескерткіш құлағаннан кейін күдікті азаматтардың бірі ретінде Азамат Батырбаев ұсталған. Оны полиция азаптап, арқасына үтік басып, бұл оқиға үлкен резонанс туғызған. Батырбаевтың азапталуы бойынша іс әлі де Талдықорған қалалық сотында қаралып жатыр.