Маржан Арапбаева туған күнін қай жерде атап өткенін көрсетті
Танымал әнші Маржан Арапбаева Instagram-дағы парақшасында Таиландтағы демалысынан суреттер жариялады
Өнер иесі экзотикалық елде демалысының қалай өткенін көрсетіп, «Бақытты бір күн» деп жазба қалдырған.
Әнші 46 жасқа толған туған күнінде өзіне осылай сыйлық жасаған көрінеді. Жанкүйерлері де Арапбаеваны айтулы күнмен құттықтап, шығармашылық табыс тілеген.