Тоқаев Макронға сыйлаған тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген есім берілді

07.02.2024, 19:57
959
Тоқаев Макронға сыйлаған тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген есім берілді Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға сыйлаған қазақы тазының екі күшігі Францияға жеткізілді.

Былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция Президенті этноауыл көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді.

Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын.

Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген-тін.

Кейін Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жеткізілді. Қос тазыны француз ветеринарлары тексеріп, уақытша карантинге жіберді. Сондай-ақ Франция тарапына күшіктерді тамақтандыру және үйрету жөніндегі нұсқаулық берілді.

Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген жарасымды есім берілгені мәлім болды.

Күшіктер Макрон отбасының Немо есімді қара лабрадорымен «достасып» үлгерген.

Айтпақшы, бұл итті ерлі-зайыпты Макрондар 2017 жылы жануарлар паналайтын жерден асырап алған болатын.

Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған