Қазақстан қор биржасы мен KASE Клиринг орталығы "KASE Day in Astana" іс-шарасын өткізді

08.02.2024, 12:25
920
Қазақстан қор биржасы мен KASE Клиринг орталығы  "KASE Day in Astana" іс-шарасын өткізді KASE Day in Astana

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE, Биржа) және оның 100% еншілес ұйымы – "KASE клиринг орталығы" АҚ (бұдан әрі – Клиринг орталығы) Астана қаласында өз клиенттерімен, атап айтқанда қазіргі және әлеуетті эмитенттермен және биржа мүшелерімен "KASE Day in Astana" бизнес өкілдерімен таңғы ас форматында кездесу өткізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

"KASE day in Astana" барысында Қазақстан қор биржасының өкілдері 2023 жылғы KASE қызметінің қорытындылары, Биржаның іске асырылып жатқан жобалары, инновациялар мен жаңа қаржы құралдарын енгізу, Қазақстанның қор нарығын дамыту трендтері мен перспективалары туралы мәлімдеді. Сондай-ақ 2024 жылға арналған KASE Даму Стратегиясының негізгі бағыттары және ESG қаржыландыруды дамыту, KASE Digital алаңында токенизацияланған активтерді іске қосу және сату жоспарлары, Market Data бағытын, KASE ақпараттық және талдамалық өнімдерін дамыту, сондай-ақ KASE Global секторын дамыту туралы ақпарат айтылды. 

Фото: kase.kz

Сонымен қатар "KASE day in Astana" KASE клиринг орталығының презентациясы ұсынылды, онда Клиринг орталығының өткен жылғы қызметінің нәтижелері және 2024 жылға арналған жоспарлар көрсетілді. Атап айтқанда, спикерлер Клиринг орталығының валюта нарығы мен туынды құралдар нарығына қызмет көрсетуді бастау мерзімі, орталық контрагент моделінің тәуекелін жетілдіру және оның қызметін ең үздік салалық практикаларға сәйкестендіру туралы айтып берді.

Фото: kase.kz

Фото: kase.kz

Іс-шарада спикерлер ретінде KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген, "KASE Клиринг орталығы" АҚ Басқарма Төрайымы Наталья Хорошевская, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов және KASE Ақпарат және статистика департаментінің ақпараттық өнімдерді ілгерілету бөлімінің бастығы Жансая Қарабаева сөз сөйледі.   

Фото: KASE Day in Astana

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, квазимемлекеттік сектор компанияларының топ-менеджерлері, ірі жеке компаниялардың басшылары, эмитенттер, инвесторлар және нарықтың кәсіби қатысушылары қатысты.  

KASE және KASE Клиринг орталығы жүйелі маңызы бар инфрақұрылымдық қаржы ұйымдары мәртебесіне ие болғанын айта кеткен жөн. Бұл Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының тұрақтылығы үшін Биржаның және KASE Клиринг орталығының тұрақты қызметінің құндылығын білдіреді. Биржа және KASE Клиринг орталығы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыруды, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыратын жалғыз ұйымдар болып табылады.        

Анықтама үшін

Биржа іскерлік таңғы ас форматындағы іс-шараларды 2017 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіп келеді. Осыған дейін "CASE Day" Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ташкент (Өзбекстан), Минск (Беларусь), Мәскеу (Ресей) және Лондон (Ұлыбритания) қалаларында өткізілді. 

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы болып табылады. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші және FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша төртінші орында.

Бұл корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы институттарының облигациялары, шетел валюталары, ақша нарығының операциялары – репо және своп, сондай-ақ туынды құралдар үшін әмбебап сауда-саттық алаңы. KASE халықаралық биржалар Федерациясының (WFE), Еуро-Азия қор биржалары Федерациясының (FEAS), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері биржаларының Халықаралық қауымдастығының (ТМД БХҚ), The Global Association of Central Counterparties (CCP Global) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі, сондай-ақ БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" – Sustainable Stock Exchanges Initiative бастамасының қатысушысы болып табылады.

"KASE Клиринг орталығы" АҚ Биржаның еншілес ұйымы "eTrade.kz" ЖШС-н қайта құру жолымен құрылды және 2022 жылғы 21 маусымда тіркелді. Клиринг орталығы Биржаның 2024 жылға дейінгі даму стратегиясының "Орталық контрагентті негізгі инфрақұрылымдық элемент ретінде дамыту" бағытына сәйкес құрылды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады