Такер Карлсонды Путиннен сұхбат алуға жіберген Трамп болып шықты

08.02.2024, 15:02
939
Такер Карлсонды Путиннен сұхбат алуға жіберген Трамп болып шықты dzen

Дональд Трамп президент сайлауына түсемін деп жанталасып жүр.

АҚШ-тың келесі президенттігіне Джо Байден өте алмауы мүмкін. Оның жасы 81-де. Әрі осы жолғы сайлауға түсуге бұрын президент болған Дональд Трамп жағаласып жатыр. Дональд Трамп сайлауға дейін Джо Байденді абыройдан жұрдай етудің бар амалын жасап бағуда. Америкадағы бүкіл республикалық партияның мүшелері мен депутаттарын жатқызып-тұрғызатын Трамп Джо Байденнің бастамаларын Конгрестен өткізбеуге күш салып жүр. Трамптың айтуымен Конгрестегі республикалықтар Байденнің араласуымен ұсынылған заңдардың қабылдануына қарсы дауыс беріп тежеп отыратын болды. Трамптың қадағалауымен республикалықтар Украинаға қаржылай және әскери техника түріндегі АҚШ көмегін де Конгрестен өткізбей қойды. Мұны да Дональд Трамп Джо Байденді қауқарсыз етіп көрсету үшін істейді. Әрі Конгрестің жақында сайланған спикері Трамптың өз адамы болып шыққан.

Президент болып сайланса, Трамп Украинаға көмекті жалғастыруы да мүмкін деп жатыр. Ал әзірге оған Украинадағы соғыстың жағдайынан гөрі Джо Байденнің саяси бейнесі мен беделінің құлдырағаны керек. Трамп Байденді  «Ауғанстаннан әскерді шығарарда бір ұятқа қалып еді, енді Украинаны зарықтырып тағы ұятқа қалсын» деген адамның тірлігін істеп отыр. Таяудағы сөздерінің бірінде Трамп Украинадағы соғысты бір-ақ тәулікте тоқтатамын деп кеуде қаққан. Бірақ қалай тоқтататынын айтпаған. Сарапшылар Дональд Трамп Украинаның орыс әскерінің қолында қалған жерін Ресейге бергізіп тоқтатуды ойлауы мүмкін екенін айтқан. Жалпы, Трампты Ресейге бүйрек бұратын адам ретінде атаушылар көп. Ресейбилігінің өзі АҚШ-қа Дональд Трамп президент болса, проблемамыз шешілер еді деп үміттенетін көрінеді. Дегенмен Трампты кейбіреулер эмоцияның адамы, алған бетінен оңай қата салатыны бар деп те жатады. Соған қарағанда ертеңгі күні президент болса, Ресейге пысқырып та қарамай кетуі ғажап емес шығар, кім білсін.

Қысқасы, республикалық партияны оң жамбасына келтіріп алған Дональд Трамп президент сайлауына түсемін деп жанталасып жүр. Ұл-қыздарының оған қоя қойыңыз, сайлауға түспеңіз дегенін тыңдамайды дейді. Ұл-қыздары оның сайлау ісіне қызмет етуден бас тартыпты. Дональд Трамп осы күні 77 жаста.

Партиялардың ішінде өткізіліп жатқан праймеризден сайлауға түсуі мүмкін адамдардың аттары белгілі бола бастады. Республикалық партиядан Дональд Трамптан бөлек, бұрын АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі болған 52 жастағы Никки Хейли деген әйелдің және 56 жастағы бизнесмен әрі Техастағы бір шіркеудің Райан Бинкли деген пасторының, демократтардан Джо Байденен бөлек өзін-өзі дамыту жөніндегі кітаптардың 71 жастағы авторы, өзі әйел кісі Марианна Уильямсонның және саясатта жүрген 55 жастағы Дин Филлипс дегеннің аттары аталып жатыр.

Дональд Трамп осылайша Американы саяси тартыс ахуалына тіреп қойды. Енді ол Америка халқына Путиннің сөзі мен уәждерін тыңдатуды ойласа керек. Трамп Такер Карлсон деген журналист жігітті Мәскеуге Путиннен сұхбат алуға жіберген екен. Ол Мәскеуге барып, қаланы аралапты, Путиннен сұхбат алыпты. Кеше, яғни 7-ақпанда жариялаған бейнеүндеуінде ол Ресейпрезидентінен сұхбатты алғанын растады. Сөз арасында Джо Байденнің әкімшілігі оған Мәскеуге жолға шығуына кедергі келтіргісі келгенін айтты. Журналист өз сөзінде Путиннің аузынан шыққан арнайы операцияның себептері жайлы уәждерін АҚШ халқы тыңдауы маңызды екенін, себебі Украинадағы әскери қимылдардың қаржыландырылуына Американың салық төлеушілерінің тікелей қатысы барын келтірді. Журналист Такер Карлсон Украина президенті Владимир Зеленскийден де сұхбат алуға әрекет ететінін айтып уәде берді.

АҚШ журналисінің Путиннен сұхбат алатыны жайлы андатпаның өзі әлеуметтік желіде үш сағатта 20 миллион қаралымға шықты.

Путиннің сұхбатын америкалықтар тыңдайтыны Джо Байденнің өзі мен әкімшілігі үшін өте жайсыз тиіп отыр. Бұл сұхбат АҚШ-та Украинадағы соғысты қолдауға жаппай қарсы пікір қалыптастыруы мүмкін. Сұхбатта Путин Ресейді ешкімге, әсіресе АҚШ-қа жау емес деп көрсететіні сөзсіз. Ал Ақ үй күн сайын Ресейді дұшпан, ережелерге негізделген әлемге қол сұғушы етіп көрсетіп келеді.

Такер Карлсон жай журналист емес екен. Дональд Трампқа өте жақын адамдардан болып шықты. Себебі Дональд Трамп президент болып сайланса, Такер Карлсон вице-президент болатыны республикалық партияда осы бастан шешіліп қойған деп жатыр. Журналистің ақпарат тарататын өз интернет-арнасы бар көрінеді. Ал Ресей президентінен тек сұхбат алып қана қоймаған болуы да мүмкін. Себебі президент Дональд Трамптың орынбасары болған жағдайда Ресеймен қандай қатынас жасалатынын пысықтаған да шығар.

Осындай үлкен саяси ойынның куәсі болып жатырмыз. Ақыры тыныш болғай.

«Өнерді, тойды, домбыраны харам дегені ауыр соққы болды»: Айқын өнерді тастап, дін жолына түскен әртістерді сынады «Салауат айтыңдар»: Гүлзира Айдарбекова діни кеңес берген оқырманына ашуланды «Төрт баланың анасы, жалғыз...»: Айгүл Мүкей әріптесі Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді «Еркектің кеңдігі мен даналығы»: Мұхамеджан Тазабек ене мен келін тақырыбын көтерді «Өз руын білсін дедім»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейге шындықты қалай айтқанын еске алды Жүре берсең, көре бересің: Жеңіл көлікке жылқы тиеп алған «22 млнға алынған үй еді»: Ырысбала халықтың ақшасына алынған үйді сатылымға шығарғандарға ашуланды Айбек Оралбай – Азия чемпионы Жаңа басшы: Ауыр атлетиканың «ауыр» кезеңі артта қала ма? Шерзаттың өліміне қатысты тергеу 2025 жылға дейін аяқталатыны мәлім болды Қоржынға қос алтын түсті Күміспен күптелген күн Ақтөбеде ерлі-зайыптыларды қағып өлтірген полицей сотталды Нұрымовтар әулетінің мәселесі Парламентте талқылана ма? Төреғали Төрәлі тағы да жиенді болды Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды «Менің адамым»: Ақбота-Нұрдың құпиясы әшкере болды «Полицейлерге пышақ тақаған жоқ»: Куәгерлер Қаржаубай Нұрымовтың тек әділ шешім сұрағанын айтты Даниал Ахметов кетті, Рыпакова келді Оралдық ана қызын сыныптастары соққыға жыққан соң мүгедек боп қалғанын айтты