Қар құрсауында қалған жедел жәрдем көлігіндегі әйелді құтқарушылар босандырып алды
Құтқарушылар жаңа ғана босанған әйелге көмек көрсетті
SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Төлеби ауданының Шұбарағаш елді мекенінің тұрғынының толғағы келуіне байланысты жедел жәрдем шақырған.
Жедел жәрдем қызметкерлері 38 жастағы жүкті әйелді үйде босандырып алды. Ауруханаға бара жаьқан жолда көлік елді мекен ішіндегі қар құрсауынан шыға алмай қалған.
Төлеби ауданының құтқарушылары оқиға орнына уақтылы жетіп, жедел жәрдем көлігін қар құрсауынан шығарып, ауруханаға жеткізді.
Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы қалыпты.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор