Қырғызстанда сөз бостандығын шектеу мүмкін емес - Садыр Жапаров

Аиса Махамбет Редактор
08.02.2024, 16:41
1140
Қырғызстанда сөз бостандығын шектеу мүмкін емес - Садыр Жапаров ашық дереккөзден

«Сөз бостандығының артына тығылатындар — жалған патриоттар» дейді Қырғызстан президенті.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қырғызстанда сөз бостандығын шектеу мүмкін емес, халық бұған жол бермейді. Мұндай мәлімдемені Кабар агенттігіне берген сұхбатында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров айтқан болатын. Бұл туралы Kazinform халықаралық агенттігі жазды.

Қырғызстандағы сөз бостандығы жағдайының нашарлауына қатысты халықаралық және қоғамдық ұйымдардың рейтингісіне тоқталған мемлекет басшысы қырғыз халқы ежелден сөз бостандығын жақтаушы болғанын атап өтті.

«Жағдай ушығып кетті дегендердің өздері жағдайды тұрақсыздандыруға мүдделі. Олар «сөз бостандығы» деген терминнің артына жасырынып, қалағанын істейді. Бұлар — жалған патриоттар. Халық арасында сыни ойлауды дамытуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл мемлекеттігімізге, ділімізге, салт-дәстүрімізге қайшы келеді. Жалған ақпарат таратып, біреуге жала жабу әрекеттері көбейді. Біз жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған өзімшіл мақсаттардың шындыққа айналуына жол бермейміз. Мұны кімнің істеп жатқанын халық жақсы біледі және түсінеді. Егер билік сөз бостандығына әділетсіз қол сұғатын болса, халық әлдеқашан көтерілер еді», - деді президент.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды