1259

Боранда 18 сағат бойы адасқан әйел мен бала табылды

Құтқарылғандар Ақтоғай ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Боранда 18 сағат бойы адасқан әйел мен бала табылды
112qaragandy_tjd

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, 18 сағат бойы адасып қалған әйел мен ұлы аман-есен табылды.

Қарағанды Төтенше жағдайлар департаментінің жазуынша, 8 ақпан күні сағат 00-46 аралығында Ақтоғай ауданы Айыртас ауылында ТЖД күштері 7 ақпан күні сағат 14:00 шамасында белгісіз бағытқа үйден шығып кеткен 1993 жылы туған әйел мен 2017 жылы туған баланы іздестірген.

Тек 8 ақпан сағат 08:50-де іздестіру тобы жоғалғандарды Айыртас ауылынан батысқа қарай 6 шақырым жерден тапқан.

Құтқарылғандар Ақтоғай ауданының орталық ауруханасына жеткізілген. Сондай-ақ ТЖД боранда алыс жолға шықпауды ескертті.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор