Қазақтар туғаннан өлгенге дейін пара береді - депутат Дәулет Мұқаев

Аиса Махамбет Редактор
08.02.2024, 19:19
984
Қазақтар туғаннан өлгенге дейін пара береді - депутат Дәулет Мұқаев жеке Instagram парақшасынан

«Маған Қызылорда облысы, Шымкент қаласының тұрғындары көп хат жазады» дейді депутат.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Қазақстанда барлық салада жемқорлық қаупі барын, тұрғындар туғаннан өлгенге дейін пара беруге мәжбүр екенін ашына айтты. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Оның сөзінше, елімізде жемқорлық деңгейі әлі жоғары, тұрғындар мәселесін шешу үшін әлі пара беріп жүр.

"Жемқорлық барлық салада кездеседі. Бала дүние келгеннен бастап, адам қайтыс болғанға дейін пара беру мәжбүр. Сөздің ашығы керек. Құдай сақтасын, адам өлсе, Алматыдағы таудың, "Кеңсай" зиратының маңайы... Одан кейін бала дүниеге келгенде жақсы дәрігер, перзентхана керек деп тағы іздейді. Бұдан соң балабақша, мектеп бар. Бала университетке барады. Осыдан соң ол үйленіп, отбасы болады. Осы кезде оларға үй керек. Оны алу үшін үйдің кезегіне тұру қажет. Жұмысқа орналасады. Осы саланың бәрінде жемқорлық бар.

Әсіресе, маған Қызылорда облысы, Шымкент қаласының тұрғындары көп хат жазады. Мысалы, жай ғана еден жуушы болып, жұмысқа орналасу үшін 500 мың теңге, ал мұғалім болу үшін 1-1,5 млн теңге сұрайды екен. Ондай хаттар өте көп", - деді Дәулет Мұқаев Мәжілісте.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді