Сотталған азаматтар М.Мақатаев туған күнін атап өтті

09.02.2024, 10:34
1079
Сотталған азаматтар М.Мақатаев туған күнін атап өтті

Жазасын өтеушілер Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдық мерей тойын атап өтті.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған жазасын өтеуші азаматтар қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдық мерей тойын атап өтті.

Шараға Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №1 кітапханасының әдіскері аға кітапханашы Тайлыбаева Айнұр Нұрылдақызы мен «Бегімай» өнер орталығының жетекшісі Тұрсын Айгерім Маратқызы қатысты.

Айтулы әдеби-сазды кеште сотталған азаматтарға ақынның өмір жолынан дереккөздер беріліп, өзекті тақырыптағы шығармашылығы талданды. Сонымен қатар, жазасын өтеушілер ақынның «Ғашықпын», «Әр сағатым санаулы», «Сәби болғым келеді», «Отан» өлеңдерін жатқа айтып өз өнерлерін көрсете білді.

Сондай-ақ, шараны көркейту мақсатында сотталғандарға «Аққулар ұйықтағанда» қойылымы көрсетіліп, пікірлер алмаса білді. Айтулы кеш соңында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында кітап көрмесі көрсетіліп, жазушы, ақынның бірнеше кітаптары көрсетілді.  

- Бүгінгі қазақтың белгілі ақыны М.Мақатаев атамыздың 93 жылдық мерей тойында кітапхана қызметкерлері келіп, бізге тың ақпараттарымен бөлісіп, бірнеше кітаптарға талдау жасадық десекте болады. Сонымен қатар, бұл шарада «Әр сағатым санаулы» тақырыбындағы өлең шумақтарын жатқа айттым. Бұл өлең менің жаныма жақын тақырып болғаннан кейін осы тақырыпты таңдадым. Ақиық ақынның бұл өлеңі өмірінің санаулы күндерінде жазған әні екенін осы шара арқылы білгенін жеткізді, - сотталған «С» есімді азамат.
«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді