Қар құрсауында қалған 400-ден астам адам пойызбен эвакуацияланды

Аиса Махамбет Редактор
09.02.2024, 11:08
1013
Қар құрсауында қалған 400-ден астам адам пойызбен эвакуацияланды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Жолаушыларға қосымша 1300-ден астам орын беріледі.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты 8 ақпанда «Жолаушылар тасымалы» АҚ 400-ден астам адамды  эвакуациялады. Бұл күні бірқатар республикалық маңызы бар тасжолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің дерегінше, шектеуге байланысты азаматтар келесі қала маңындағы электр пойыздары және жолаушылар пойыздары арқылы тасымалданған:

- №7501 пойызы Ерейментаудан Астанаға дейін;

- №327 пойызы Астанадан Бурабай мен Көкшетауға дейін;

- №6830 пойызы Бурабай курортынан Астанаға дейін;

- №43 пойызы Шоқайдан Астанаға дейін;

- №45 пойызы Қарағандыдан Астанаға дейін;

- №7556 пойызы Астанадан Қарағандыға дейін.

9 ақпанда күрделі метеорологиялық жағдайлардың жалғасуына байланысты, тасжолдардың жабылуы салдарынан келесі жолаушылар пойыздарына қосымша 31 вагон тіркелген:

- Павлодардан Астанаға дейінгі №45 пойызына 6 вагон;

- Павлодардан Астанаға дейінгі №139 пойызына 4 вагон;

- Астанадан Павлодарға дейінгі  №354 пойызына 7 вагон;

- Астанадан Петропавлға дейінгі №623 пойызына 10 вагон;

- Астанадан Павлодарға дейінгі №45 пойызына 4 вагон.

Жолаушыларға қосымша 1300-ден астам орын беріледі.

Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт ұлғаюын ескере отырып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтарға өз сапарларын алдын ала жоспарлауды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды