«Жарнама құны – 2 бөлмелі пәтер»: Төреғали Төреәліге сенген жұрт үйсіз қалды

Аиса Махамбет Редактор
09.02.2024, 10:59
1686
«Жарнама құны – 2 бөлмелі пәтер»: Төреғали Төреәліге сенген жұрт үйсіз қалды ашық дереккөзден

Нұрболхан Шарап, Дәулет Мұқаев, Төреғали Төреәлінің жарнамасына алданғандары рас па?

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, танымал тұлғалардың жарнамасына сеніп, DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешенінен үй алмақ болған бір топ тұрғын алданып қалғандар “Астарлы ақиқат” бағдарламасына барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды. 

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарап, мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, әнші Төреғали Төреәлі құрылыс компаниясын жарнамалаған.

«Қаншама құрылыс компаниясынан аттап, есімі белгілі азаматтарға сеніп ақша салып едім. Бір бөлмелі пәтерімді сатып, 10 миллионға жуық ақша құйдым. Екі бөлмелі үй алғым келді. Соңы мынадай жағдайға әкеліп соқты. Үй салынып бітпей тұрса, күте тұрушы едік, тіпті іргетасы да қаланбағанын білдік. 2023 жылдың соңында беріледі деп еді», – дейді зардап шегуші тұрғын. 

Жарнама жасаушылардың бірі – Төреғали Төреәлі. Жеке парақшасында аталған құрылыс компаниясының кеңсесіне барып, пәтер алмақ болған сәтін оқырмандарына көрсеткен. Алайда Төреғалидің менеджері «біз де алданып қалдық» деп қысқа қайырды. 

«Біз ол жерден барып үй алмақ болғанбыз. Бірақ оларға жарнама істеп, үй аламыз десеңіздер міне деген ештеңе жоқ. Егер біз жарнамалады деген келісімшарт болса, соны көрсетсін. Біз үйді алмақ болып сол жерге бардық, соны видеоға түсірдік. Біз де зардап шегушіміз», – дейді Төреғали Төреәлінің менеджері.

Ал Maх Bet компаниясының директоры Берік Нұрмағанбетовтың адвокаты Төреғали Төреәлінің жарнамасының құны 2 бөлмелі пәтермен пара-пар екенін айтты.

«Төреғали Төрәліге DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешеніне жарнама жасағаны үшін 2 бөлмелі пәтер келісілген дейді. Жауабында солай көрсетілген. Ал Дәулет Мұқаев 20 миллион ақшаға келіскен», – дейді адвокат Шынқуат Байжанов.

Заңгер Мейірман Шекеевтің айтуынша, егер танымал тұлғалар ақы алса, олардың бұл әрекеті жарнама болып есептеледі.

«Егер Дәулет пен Төреғали ақы алса, бұл жарнама болып есептеледі. Сондықтан оларды жауапкершілікке тарту керек. Олардың үстінен арыз жаза беріңіздер. Өйткені сіздер оларға сендіңіздер. Депутат болсын, басқа болсын қылмыстық жауапкершілікке бәрі бірдей жауапты», – дейді заңгер. 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды