«Назарбаев қарсы болды». Алаштанушы неліктен Кенесарының бассүйегі қайтарылмай жатқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
09.02.2024, 13:15
777
«Назарбаев қарсы болды». Алаштанушы неліктен Кенесарының бассүйегі қайтарылмай жатқанын айтты видеодан алынған кадр

«Назарбаевтың Алаш тақырыбына, Кенесарыға деген көзқарасына әлі екпінмен келе жатыр».

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, алаштанушы, ғалым Сұлтанхан Аққұлы "BILGEN DURYS" бағдарламасында неліктен 30 жылдан бері Кенесары ханның бассүйегін елге қайтара алмай отырғанымызды түсіндірді. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Сұлтанхан Аққұлының айтуынша, Кенесарының бассүйегін елге қайтаруға бұрынғы президент қарсы болған.

"Кенесарының бассүйегін елге қайтаруға түбегейлі қарсы болған - сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев. Өйткені Кенесарының бассүйегі келсе, оның халық алдындағы биік абырой-беделі, атағы көлеңкеде қалып қояды. Сол себепті Назарбаевтың билік заманында Назарбаев бір Кенесарының бассүйегі емес, осы бүгінгі мемлекеттің ірге тасын қалап, оның шекарасын белгілеп, оны 2,5 жылдай тұңғыш президент ретінде басқарған Әлихан Бөкейханды 2016 жылы туғанына 150 жыл болған мерейтойын ЮНЕСКО аясында тойлатуға түбегейлі қарсы болды. Сол себепті бюджеттен сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімовтың аузымен 2015-2017 жылдардағы үш жылдық бюджетте Алиханның мерейтойын тойлауға қаржы қарастырылмаған деп құтылды. Байқасаңыз, биыл Назарбаевтың биліктен кеткеніне тура 5 жыл толып отырса, сол 5 жылдан бері Назарбаевтың Алаш тақырыбына, Кенесарыға деген көзқарасына әлі екпінмен келе жатыр. Сол себепті ҚР жаңа астанасы - Астана қаласында Алаш қайраткерлерінің біріне лайықты ескерткіш орнатылған жоқ", - дейді ғалым.

Ғалым сондай-ақ қазір Кенесарының бассүйегі қара түске боялғанын естігенін айтты.

"Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаевтың Ельцинге немесе Путинге телефон соғуы бүкіл мәселені шешетін еді. Ал енді дәл қазір өзім нақты білетін мәліметім былай: қазір Ресей жағы Кенесарының бассүйегін тауыпты-мыс. Оған генетикалық сараптама жүргізіп, дәл Кенесарының бассүйегі екенін дәлелдеп, бірақ бассүйек қара бояумен боялыпты. Мен 2014 жылы Омбыға барғанда Сергей Маслов деген жазушының бір бет қана естелігін тауып алдым. Ол Омбы облыстық мұрағатынан табылған бір жапырақ қағаз. Ол Кенесарының бассүйегін көргенін, өз қолымен ұстап көрегінін, Кенесарының бассүйегінің маңдай тұсында патшалық мөрдің басылғанын айтады. Бұл шамамен екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында көрген нәрсе. Кенесарының бассүйегі ұшып кететін ауа емес қой, бассүйегі бар. Қазір Ресейдің бізге ұсынып отырғаны қара бояулы бассүйек. Менің түсінуімше, ол дәл қазіргі Ресейдің саясатының салдарынан қазаққа мазақ етіп ұсынып отырғаны деп түсінемін", - дейді Сұлтанхан Аққұлы.

Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген 68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген «Я, Аллаһым, мені сақташы…»: Азапталып қаза болған Ақнәрдің соңғы сәттегі видеосы тарады (ВИДЕО) Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді «Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған «Басыңызға келсін»: Мөлдір Әуелбекова үй шаруасын жасамайтынын айтты Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО)