Ақтөбе жұрты жол жөндету үшін Димаш Құдайбергенді үйлеріне тіркеп қоймақ

Аиса Махамбет Редактор
09.02.2024, 15:15
1727
Ақтөбе жұрты жол жөндету үшін Димаш Құдайбергенді үйлеріне тіркеп қоймақ жеке Instagram парақшасынан

«Біз атақты жерлесімізден көмек сұраймыз» дейді тұрғындар.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Ақтөбеліктер әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеновке үндеу жасады. Бұл туралы Orda.kz ақпарат агенттігі жазды.

Айтуларынша, атақты халық әртісінің бала кезінде тұрған көшесіне әлі күнге дейін асфальт төселмеген. Бүгінде қаладағы халық көп шоғырланған аудандағы көшенің жолдары жүруге жарамсыз.

“Бұл – ескі теміржол ауданы. Бұрынғы Деповская көшесі. Қазіргі Жаманқұлов-Черепанов қиылысында орналасқан. Қаланың қақ ортасында созылып жатқан ұзын көше. Қала билігі әлі күнге дейін құр уәде беріп келе жатыр. Ал Димаштың ата-анасының үйі орналасқан Черепанов көшесі көпқабатты үйлерден екі жүз метрге жетпей, жақында асфальтталды. Жеке үй аймағына ғана тас жол төселді, қалған жерлерге жетпей қалған көрінеді-мыс. Тіпті екі жағына жаяу жүргіншілер жолын да салған. Біз атақты жерлесімізден көмек сұраймыз. Тіпті Димашты пәтерімізге тіркеуге де дайынбыз. Уақытша болса да. Қазақтың дәстүрінде бар ғой, көмек қолын созу”, – дейді қала тұрғыны Ольга Климонова.

Әзірге көшені қар басқанымен, көктемде жол батпаққа айналатын көрінеді. “Бұл – көп жылдан бері түйіні шешілмей келе жатқан мәселе”, – дейді қала тұрғындары.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды