16 мен 23 жас аралығындағы қыздарға арналған Tech girls бағдарламасы іске қосылды

09.02.2024, 18:05
891
16 мен 23 жас аралығындағы қыздарға арналған Tech girls бағдарламасы іске қосылды Astana Hub

Қатысуға өтініштер 1 наурызға дейін қабылданады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, екі айға созылатын Tech Girls бағдарламасы елдің барлық аймақтарын қамтымақ. 

3 мыңнан астам қыз-келіншектер IT-бағыттар бойынша тегін оқу мүмкіндігіне ие болады. Білім беру барысында вебинарлар, воркшоптар, тікелей эфирлер, сондай-ақ Techno Women және Astana Hub сарапшылары мен тәлімгерлерімен сессиялар қарастырылған.

«Tech Girls бағдарламасының қатысушылары IT-өнімдерді тез және тиімді құруға мүмкіндік беретін бірегей дағдыларға ие болады. Мысалы, No Code School лендингтер, сайттар, мобильді қосымшалар, чат-боттар және маркетплейстер құру негіздерін үйретеді. Low Code бағдарламалаудың минималды дағдылары бар қосымшаларды әзірлегісі келетіндерге жарамды, ал Beta Career курсы беделді IT-компанияларда мансаптық консалтинг және кәсіби бағдарламалау саласындағы тәжірибелі мамандардан әңгімелесуден сәтті өту үшін қажетті білім мен дағдыларды ұсынады», - деді Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова.  

Мұндай бағдарламалардың маңыздылығын 2023 жылы іс қосылған IT-Aiel бағдарламасының табысты тәжірибесі дәлелдей түсті.  Соның арқасында Қазақстанның 17 өңірінен 2 мыңнан астам жұмыссыз әйел ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға тегін оқу мүмкіндігіне ие болды. Биыл да IT-Aiel бағдарламасы өз жалғасын табады деп күтілуде.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады