«Сүйінші» Жанар Байсеміз шетелдегі қазақ балаларына қатысты қуанышты жаңалықпен бөлісті

10.02.2024, 14:44
5311
«Сүйінші» Жанар Байсеміз шетелдегі қазақ балаларына қатысты қуанышты жаңалықпен бөлісті жеке Instagram парақшасынан

Шетелдегі балалардың елге келуіне мүмкіндік көбеймек.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының авторы, журналист Жанар Байсеміз сүйінші жаңалығын айтты.

- Бұйырса шетелдегі қазақ балалары Қазақстанға келеді! Қазақ тілін оқиды, қазақ мәдениетімен танысады, қазақтың тарихын біледі.

Қазіргі уақытта әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ресми хат дайындап жатыр. Университеттің атынан Гүлшара Асылбайқызы осы іске жанын салып, кірісіп жатыр. Хат дайын болған соң шет елдегі ҚР елшіліктеріне жолдаймыз. «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының осылай жалғасып жатқанына бек ризамын!, - деді журналист.

Оның айтуынша, енді шетелдіктер асырап алған балалардың елге келуіне қиындық азаймақ.

- Шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалардың елде қиналмай жүруіне барлық жағдай жасалады. Олардың жол шығыны, визасы төленеді. Үш мезгіл тамақ, жатақхана тегін беріледі+стипендия алады. Ұзақ уақытқа келе алмайтындары үш ай, уақыты барлары тоғыз ай оқиды. Елге келіп, ана тілін үйренуге Талғат, Сардар, Әнел және Сұлтан құлшынып отыр. Сабина да келуі мүмкін. Әнел тоғыз айға келгісі келіп жатыр. Талғат, бүгін қашан келе аламыз, деп сұрап жатыр.

Керемет жаңалық иә, достар?! Қалған балаларға енді хабар береміз. Демеушілер қажет болса, айтамын. Алдында ғана Әнелдің елге келуіне қалай көмектессек екен, деп ойлап жүр едік. Осы жоба іске асып, бәрі оңынан болсын! Әумин! Сіздер де әумин, деп қойыңыздар!, - деп жазды журналист.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды