Ауған соғысы ардагерлері арасында спорттық турнир өтті

Аиса Махамбет Редактор
11.02.2024, 11:15
1434
Ауған соғысы ардагерлері арасында спорттық турнир өтті gov.kz

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кеңес әскерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарудың 35 жылдығына арналған іс-шаралар кешенін өткізу аясында Ауған соғысы ардагерлері мен ведомство қызметкерлері арасында үстел теннисі мен шахматтан турнир ұйымдастырды.

Спорттық жарысқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, Ауған соғысы ардагерлері, ҚР ЕХӘҚМ орталық аппаратының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысты.

2024 жылғы 15 ақпанда Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толады. Бұл соғысқа 22 мыңнан астам қазақстандық қатысты, онда 889 адам қаза тауып, 19 адам хабар-ошарсыз кетті, 3 мыңнан астам адам мүгедек болып оралды.

 «Қазіргі кезде ардагерлеріміз жастарымызды отансүйгіштікке, адамгершілік пен рухани тұрғыдан тәрбиелеу жолында өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі турнир Ауған соғысы ардагерлері мен ведомство қызметкерлері арасындағы байланысты одан әрі нығайту мақсатында ұйымдастырылды»,– деп атап өтті вице-министр Ербол Оспанов.

Турнир нәтижесінде үстел теннисінен Ауған соғысы ардагері Нұралы Әубәкіров бірінші орынды иеленсе, Еңбекминінің қызметкері Азамат Алғазимов екінші орынға жайғасты, ал үшінші орынды Ауған соғысы ардагері Сергей Саруханян мен Еңбекминінің қызметкері Нұрсұлтан Нұрланов өзара бөлісті.

Шахмат турнирінің қорытындысы бойынша «ЕРДО» АҚ командасы жеңімпаз атанды.

Екінші орынды – Еңбекмині командасы.

Үшінші орынды – «МАК» АҚ командасы иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Кеңес әскерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығарудың 35 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде ҚР ЕХӘҚМ мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың командалары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтеді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады