1090

Алматы облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды

Екі автокөліктегі адамдар аман қалды.

Алматы облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды
qr_tjm

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, 10 ақпанда түнде кезекші бөлімге Еңбекшіқазақ ауданының Нұрлы ауылынан 20 км жерде қар құрсауында екі автокөліктің тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына барды. Оқиға орнына дейінгі арақашықтық 170 шақырымды құрайды. 

Қабылданған шаралардың арқасында құтқарушылар қар құрсауында қалған техника мен адамдарды құтқарды. Медициналық көмек қажет болмады. ТЖД қызметкерлері азаматтарды ең жақын елді мекенге дейін жеткізді.

Азаматтардан қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтап, дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS хабарламалар алған кезде алыс жолға шықпауларын сұраймыз. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор