1087

Жалған ақпарат: Степногорск қаласының ЖЭО-да апат болмаған

Ақмола облысының әкімдігі мәлімдеме жасады.

Жалған ақпарат: Степногорск қаласының ЖЭО-да апат болмаған
ашық дереккөзден

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, кейбір БАҚ-да Степногорск қаласының ЖЭО-да болған апат туралы хабарланған. Жоғарыда аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні туралы Ақмола облысының әкімдігі жазды.

Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, "KEGOC" АҚ электр беру желісінің істен шығуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын беруді төмендетті. ЖЭО-да технологиялық бұзушылықтар жоқ.

Қазіргі уақытта ЖЭО-ны электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, жылу желісінің температурасын көтеру жұмыстары басталды.

Осы факті бойынша Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тергеуді бастады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор