SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, ақын, қазіргі таңда депутат Ринат Зайытов ақындарға реніші барын айтты. Бұл туралы ол «ХабарLIKE» бағдарламасында айтып берді.
«Бірақ жас ақындарға ренжитінім бар. Осы жерде айта кетейін. Құрметті жас ақындар! Сүйген қыздарыңмен мамаларыңды салыстырмаңдаршы, өтініш.
Бізде сондай бір жаман тенденция пайда болды. «Анамнан кейін өзің әдемі», «Әлемдегі екінші сұлу қыз сенсің, біріншісін менің әкем алған» деген сияқты. Ана мен әйел деген - мүлдем екі түрлі адам. Екеуін салыстыру адамшылыққа жатпайды», - дейді ақын.