1577

Жамбылда түрмеге қаймаққа телефон, картопқа sim-карта салып әкелген адам қолға түсті

Қандай жаза қолданылмақ?

Жамбылда түрмеге қаймаққа телефон, картопқа sim-карта салып әкелген адам қолға түсті
ашық дереккөзден

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында түрмеге сәлемдеме әкелген адамнан үш телефон мен sim-карта тәркіленді. Бұл туралы BAQ.KZ жазды.

Ер адам түрмеге 500 мл қаймақ пен картоп қуырып әкелген. Мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексере келе қаймақтың ішінен 3 ұялы телефон және sim-карта тапқан.

А. есімді азаматқа Әкімшілік кодекстің 481 бабы 1 тармағы бойынша хаттама толтырылып, сотқа жөнелтілді, - деп хабарлайды Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор