"Туған қызымдай отбасымызға адал болсын": Гүлзира Айдарбекова кенже келінін туған күнімен құттықтады
Танымал продюсер, кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова кенже келінінің туған күнімен ерекше құттықтады. Бұл туралы продюсер өзінің парақшасында жазды.
Өнерлі отбасы қазан айында кенже ұлдарын екінші рет үйлендіріп еді.
Бүгін Индира келініміздің біздің шаңырағымызда алғашқы туған күні. Алла бақ берсін! Үлкен әулетті отбасына айналып, әрбір қуанышымыздың себепкері болып, Заңғар екеуі арман-мақсаттарына жетуін Алла жазсын! Ең бастысы мен армандағандай, туған қызымдай отбасымызға адал болсын!”, – деп жазды продюсер.