Елімізде 4 есірткі зертханасы жойылды

12.02.2024, 12:41
795
Елімізде 4 есірткі зертханасы жойылды ҚР ҰҚК

Полиция қызметкерлері бір аптаның ішінде 144 келіге жуық әр түрлі есірткі заттарын тәркілеген. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

 

«Тосқауыл» операциясы кезінде 4 есірткі зертханасы жойылды. Полицейлер 13 кг «мефедрон» синтетикалық препаратын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған реакторлар мен түрлі жабдықтарды тәркіледі. Заңсыз айналымнан 144 келіге жуық әр түрлі есірткі заттарын тапты. Оның ішінде 30 кг синтетика, 110 кг марихуана, 3 кг гашиш және 800 грамм трамадол бар», - деді Ішкі істер министрлігі Есірткіге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов ведомствода өткен брифингіде. 

Сондай-ақ, спикер есірткімен күрес жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. 

«Есірткіге қарсы іс-шараларға ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның жеке құрамы, әкімдіктердің қызметкерлері, денсаулық сақтау және білім беру саласының өкілдері, жастар саясатының жетекшілері, үкіметтік емес сектор және еріктілер жұмылдырылды», - дейді ол. 

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі 5-9 ақпан аралығында ел ішінде «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды