788

Атырау облысында жолда қалған 15 адам құтқарылды

11 ақпанда Атырау облысы Исатай ауданының қыстауларының бірінен Тұщықұдық ауылына қарай бет алған үш көлік батпақты жерден өздігінен шыға алмай қалған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Атырау облысында жолда қалған 15 адам құтқарылды
ТЖМ

Құтқарушыларға сағат 23:10-да қоңырау келіп түскен. Олар жедел түрде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бет алды.

Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде жоғалған адамдар Тұщықұдық ауылынан 20 км жерден табылды.

Құтқарушылар 15 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып, Тұщықұдық ауылына эвакуациялады. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ.