15 елдің студенттері ЕҰУ-ға оқуға келді

12.02.2024, 18:11
886
15 елдің студенттері ЕҰУ-ға оқуға келді gov.kz

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне 15 мемлекеттен 180-нен астам білім алушы келді. Олар қазақстандық жоғары оқу орнында «Welcome to ENU» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алады.

Биылғы көктемгі семестрге «Welcome to ENU» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша әлемнің 31 оқу орнынан студенттер оқуға келді. Оның ішінде Бельгия, Франция, Венгрия, Польша, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Вьетнам, Үндістан, АҚШ, ТМД елдері бар. Шетелдік жастар үшін оқу 13 факультетте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тегін жүргізіледі.

Тесс Линель елімізге Бельгиядан келді. Ол Universite de Mons университетінде магистратурада оқиды және академиялық ұтқырлық бойынша Еуразия ұлттық университетіне келуді ұйғарған. Тесс биыл ЕҰУ-да оқуын тағы бір семестрге ұзартты.

«Тіл деңгейін көтеру мақсатында ЕҰУ-ға оқуға келдім. Франция мен Бельгияда оқып жүрген кезімде Орталық Азия елдеріне қызығушылық танытып, көптен бері Қазақстанға барғым келетін. ЕҰУ өзім оқитын Universite de Mons оқу ордасымен серіктестік орнатқанын білген бойда осында тағылымдамадан өтуге бел будым. Сонымен қатар, маған бұл жерде үлкен сенім артылып, сабақ өткізуге мүмкіндік берілді. Қазір мен ЕҰУ-да ауызша аударма бойынша практикалық дәрістер өткіземін және француз тілін үйретемін», - деп түсіндірді Тесс Линел.

Атап өткен жөн, шетел университеттерінің білім алушыларына арналған «Welcome to ENU» академиялық ұтқырлық бағдарламасы 2020 жылы іске қосылған. Оның аясында 4 жыл ішінде Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Германия, Франция, Бельгия, Үндістан, Польша, Словакия, Литва, Жапония және т.б. елдерден 800-ге жуық шетелдік студент ЕҰУ білім алды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды