Қазақстандық композитор "The Bruce" операсының әлемдік премьерасын өткізеді

12.02.2024, 19:51
999
Қазақстандық композитор "The Bruce" операсының әлемдік премьерасын өткізеді gov.kz

Тұңғыш рет қазақстандық композитордың операсы Ұлыбританияның төрт қаласында орындалады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

2024 жылдың 17 ақпанында Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, композитор-пианист Рахат-Би Әбдісагиннің «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтеді. Операда Шотландия королі Роберт I Брюс туралы баяндалады. Опера өткен мен болашақ арасындағы музыкалық көпір және шотландиялық ұлы монархтардың бірі, тәуелсіздік үшін күрескер тұлғасын сипаттап тұрғандай.

Либретто Джон Барбурдың 1375 жылы жазылған ортағасырлық «Брюс» поэмасына негізделген және Рахат-Бидің Шотландия Корольдік консерваториясы мен Сент-Эндрюс университетіндегі докторлық зерттеулерінің негізгі бөлігін құрайды.

Шығарма соборлық опера, собордың акустикалық залында орындауға арналған жаңа жанр. Композитор Рахат-Бидің айтуынша, опера бостандық пен ізгілік, кісілік пен күш, күрес пен табандылық, бір адамның тұтас бір халықтың өмірін түбегейлі өзгерте алатындығы туралы сыр шертеді.

Премьера Роберт Брюстің туғанына 750 жыл толуына орай Ұлыбританияның төрт көрнекті соборында өтеді:

  • 17 ақпанда Глазго соборында. Бұл Соборда Роберт Брюс алғаш рет Шотландия королі болып танылды;
  • 21 ақпан – Эдинбургтегі Сент-Дайлс соборында. Собор революциялық соғысқа дейін құрылған және көптеген тарихи сәттерде маңызды рөл атқарады. Соборда патшайым Елизавета II-ні еске алу шараларының алғашқысы өткен. Сондай-ақ осы жерде Карл III Шотландия тәжіне табыстау рәсімі өтті;
  • 24 ақпан – Әулие Сальватор капелласында, Әулие Эндрюс университетінде. Король Роберт I Брюс 1318 жылы соборды ресми түрде қасиетті ету рәсіміне қатысты;
  • 3 наурыз – Данфермлайн аббаттығында. Роберт Брюстің жерленген орны.

Қойылымда Шотландия Корольдік консерваториясының опера әншілері мен дирижерлер өнер көрсетеді. Актерлер құрамында Роберт Брюсті ойнайтын актер (тенор), оқырман, әншілер ансамблі және орган бар. Орган партиясын Рахат-Би Әбдісагиннің өзі сомдайды.

Аристократиялық Брюс әулеті операны ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетеді. Операның алғы сөзін Брюс кланының 37-ші басшысы Элгин графы мен Кинкардин Эндрю Брюс жазған. Брюс Клан сонымен қатар труппаның әртістеріне тарихи дәуірді жаңғырту үшін костюмдер беруге көмектесті.

Билеттерді брондау туралы ақпаратты «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның bolashak.gov.kz сайтында білуге болады. Опера қойылымдарына кіру алдын ала тапсырыспен тегін.

Айта кетейік, қазақстандық композитор және пианист, өнертану ғылымдарының магистрі, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рахат-Би Әбдісағин – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2022 жылы «Болашақ» стипендиясын жеңіп алып, Royal Conservatoire of Scotland-да «Музыка» мамандығы бойынша докторлық зерттеу жүргізуді қолға алған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды