2080

Мейрамбек Беспаев ауруханаға түсіп қалды

Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы «Revue News» бағдарламасында белгілі болды.

Мейрамбек Беспаев ауруханаға түсіп қалды
m_besbaev

Өнер иесі жағдайына қарамай досы Ринат Зайытовтың жеке шығармашылық кешіне қатысты.

Кешке бірер сағат бұрын әншінің жағдайы қиындап ауруханаға түскен. Ринат Зайытов оның келмейтініне сенімді болыпты. Бірақ, дәрігерлерден жарты сағатқа сұранған Мейрамбек Беспаев шығармашылық концертте төбе көрсетті.

Белгілі ақынның жеке шығармашылық кешіне бірқатар өнер жұлдызы жиналды.