"84 жасқа толар еді": Біржан Хасанғалиев марқұм әкесіне ерекше жазба арнады
Композитор Ескендір Хасанғалиев 2021 жылы коронавирустан қайтыс болды. Өнер иесінің ұлы Біржан Хасанғалиев әкесін еске алып, тірі болғанда оның биыл 84 жасқа толатынын айтты.
Әкесі жайлы естелікті Біржан Хасанғалиев өз парақшасында жазды.
«Өлді деуге болама, айтыңдаршы, өлмейтұғын артынан із қалдырған».
Бүгін, менің әкем Ескендір Хасанғалиев 84 жасқа келер еді. Өзі жоқ болса да, артынан мәңгі өшпес музыкасы қалды.Қазақ барда әуені халықтың жүрегінде! - деді Біржан Хасанғалиев.