932

Сәтбаев қаласының әкімі парамен ұсталды

Ұлытау облысына қарасты Сәтбаев қаласының әкімі парамен ұсталды.

Сәтбаев қаласының әкімі парамен ұсталды
Сәтбаев әкімдігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растады.

«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлады Антикордан.

Еске сала кетейік, Шапағат Әубәкір бұл қызметке өткен жылдың 19 қаңтарында тағайындалған еді.