Жарнамаға сенген халық күмәнді жекеменшік клиникаға қаралып, ауруына ауру жамап жатыр — депутат

14.02.2024, 14:42
850
Жарнамаға сенген халық күмәнді жекеменшік клиникаға қаралып, ауруына ауру жамап жатыр — депутат Мәжіліс

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Гүлдара Нұрымова қызметі күмәнді клиникалар адамдардың өміріне қандай зиян келтіріп жатқанын айтты.

«Былтыр Алматыда екі жасар бала күмәнді бір клиникада емделіп жатып көз жұмды. Балаға бір мезгілде 22 препарат, 7 рет көк тамырға дәрі жіберіп, ем-дом жасаған. Осының салдарынан ағза уланып, баланың бүкіл өмірлік маңызды мүшелеріне зақым келіп, жеткіншек қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұл клиникада кішкентай науқастарға бір мезгілде 40-қа дейін дәрі-дәрмек жазылады және балалардың денсаулығына орны толмас зиян келтіретін асқынулар жиі кездеседі. Бұл ретте дәрігердің кеңесі — 200 мың теңге, массаж курсы — 400 мың теңге, ал басқа да медициналық қызметтердің бағасы негізсіз жоғары», — деді Г. Нұрымова Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың атына жолдаған сауалында.

Бұл ретте ол медициналық жоғары оқу орындарында болашақ дәрігерлерге 5 түрлі препараттан артық бермеуге үйрететінін айтты.

«Сондай-ақ жақында медициналық білімі жоқ, косметология және пластикалық хирургия саласындағы сертификаты, мемлекеттік лицензиясы жоқ жалған дәрігердің заңсыз пластикалық операциясынан кейін Астананың №2 қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне ауыр жағдайдағы науқас жатқызылды. Науқасты шұғыл ота жасау арқылы әрең аман алып қалды. Ал мұндай фактілер өте көп», — деді депутат.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде медицина саласында арнайы білімі жоқ кез келген адам өзін сала маманы, тіпті дәрігер ретінде жариялай алады.

Адамдар осындай жарнаманың құрбанына айналады.

«Жоғарыда айтылғандарға байланысты тиісті ұсыныстарды жарияламақпын. Біріншіден, әлеуметтік желілерде медициналық қызмет көрсетуге қатысты жарнамаларды бақылау керек. Екіншіден, заңсыз медициналық қызметті анықтау бойынша жұмысты күшейту маңызды», — деді Гүлдара Нұрымова.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады