"Әлі күнге хабар жоқ": "Нысана" актері 17 жыл бұрын жоғалған әкесін айтып, көзіне жас алды

14.02.2024, 18:24
1520
"Әлі күнге хабар жоқ": "Нысана" актері 17 жыл бұрын жоғалған әкесін айтып, көзіне жас алды NURLY ZHAN/Youtube

"Нысана" театрының актері Жарас Ахметовтің әкесі осыдан 17 жыл бұрын жоғалып кеткен.

KAZ.NUR.KZ хабарлауынша, өнер иесі NURLY ZHAN бағдарламасында әкесін іздеу жұмыстары нәтиже бермегенін айтып, көзіне жас алды.

"Қазір қолымда анам бар. Келіншегім мен бес балам бар. Төрт қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырмын. 2007 жылы не болғанын түсінбей қалдым. Әкем жоғалып кетті. Қарындасымның үйіне барып, хат қалдырып кеткен. "Барлықтарыңа ризамын" деген де, сонымен жоқ болып кетті. Бұл әңгімені еш жерде айтпай жүр едім. 1,5 жыл бойы іздедім. Бүкіл Қазақстан бойынша қандай сыбыс шығады, іздеймін. Алматыдан іздедім. Төрт ай бойы көше кезген адамдармен бірге жүрдім. 1,5 жыл іздеудің нәтижесі болмады. Әлі күнге хабар жоқ. Егер осы бағдарламаны көрсе, табылса, қайтып келуге ұялып жүретін болса, кешіреміз. Үйге келсін деймін. Әкенің орыны бөлек. Табылса деп қанша туысымыз күтіп отыр. Мені жүргізуші болып жүріп оқытты. Ондай әкені қалай жақсы көрмейсің? Үйде бір ұл, бір қызбыз. Бәрібір сағынасың. Жалпы, әкеме ризамын", - деді Жарас Ахметов. 

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады