832

«Дайрабевтан үлгі алыңыз!» - Қошанов маскасыз отырған депутатқа ескерту жасады

Таяуда ғана коронавирус жұқтырып алған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі отырыста маска тақпаған депутат Руслан Берденовке ескерту жасады

«Дайрабевтан үлгі алыңыз!» - Қошанов маскасыз отырған депутатқа ескерту жасады
Бейнежазбадан

Маскалық режимнің депутат Руслан Берденовке де қатысы бар. Жаныңызда отырған депутат Жигули Дайрабаевтан үлгі алсаңызшы! Коронавирус жас-кәріге қарамайды, - деді төраға Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұған дейін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың COVID-19 жұқтырғаны хабарланған еді. Ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі растаған.