Суды үнемсіз қолданған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге тариф өседі

15.02.2024, 11:58
642
Суды үнемсіз қолданған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге тариф өседі gov.kz

Суды нормадан 20% немесе 50% артық тұтынуға жол берген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жоғары тариф енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті.

 

«Біздің министрлік ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші суармалы суын нормативтен тыс тұтынғаны үшін жоғары тарифті енгізу бөлігінде бұйрықтың жобасын әзірлеп, Ұлттық экономика министрлігіне бекіту үшін жолдады», - деді Нұржан Нұржігітов Мәжілісте өтіп жатқан «Республикадағы сарқынды суларды қайта пайдаланудың проблемалары мен перспективалары» атты дөңгелек үстелде жасаған баяндамасында. 

Министрдің мәлімдеуінше, суды нормадан 20% немесе 50% артық тұтынуға жол берген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жоғары тариф енгізу көзделеді. 

«Тарифті көтеруден түскен қосымша табысты су арналарын жаңғырту мен реконструкциялауға бағыттау жоспарланған. Бүгінгі таңда Ұлттық экономика министрлігі бұйрығының жобасы аккредиттелген ұйымдарға сараптама жүргізуге жіберілді», - дейді ол. 

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің ұйымдастыруымен «Республикадағы сарқынды суларды қайта пайдаланудың проблемалары мен перспективалары» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды