Tele2, Altel ұялы байланыс операторларын Катар холдингі сатып алатын болды

15.02.2024, 12:24
916
Tele2, Altel ұялы байланыс операторларын Катар холдингі сатып алатын болды Руслан Пряников

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «Қазақтелеком» және катарлық Power International holding WLL арасында келісімге қол қойылды. Бұл туралы «Самұрық-Қазынаның» Telegram арнасында хабарланды.

Холдинг «Қазақтелекомнан» «Мобайл Телеком-Сервис» (Теле2 және Алтел) компаниясын сатып алуды жоспарлап отыр.

«Қазақтелеком» компаниялар тобына кіретін операторлардың бірі сатылатыны туралы ақпарат тарағанына біраз уақыт болды, бірақ бұл мәселе бойынша нақты шешім әлі жарияланған жоқ.

Биыл 20 қаңтарда Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ын сату туралы шешім қабылданды. Ал кеше Катарда «Қазақтелеком», «Самұрық-Қазына» және Power International Holding қол қойылған келісім аясында «МТ-С» капиталындағы 100% үлесті сату бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл шарттары туралы келісім жасады.

Құжатқа сәйкес, PIH оператордың бизнес профилін және қызметкерлерін сақтап қалуға, компанияны қайта сатпауға немесе сенімгерлік басқаруға бермеуге міндеттеледі.

Біз жуырда келіссөз жүргізуге кірістік. Әрине, бүгінгі келісім тек Power International Holding-пен мәміле жасау туралы ниетімізді айқындайды. Болашақта сату және сатып алудың барлық шарты мен тәртібін талқылап, бекіту қажет болады. Сондықтан нақты цифрлар мен мәміле сомасы туралы айтуға әлі ерте, - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді