"Жүктілігімнің соңғы айында үш ота жасады": Айжұлдыз Адайбекова ұлын өмірге әкелген сәтін есіне алды

15.02.2024, 13:58
1027
"Жүктілігімнің соңғы айында үш ота жасады": Айжұлдыз Адайбекова ұлын өмірге әкелген сәтін есіне алды бейнежазбадан

Танымал актриса, әнші, кәсіпкер Айжұлдыз Адайбекова алғаш ана атанған сәтін есіне алды. Бұл туралы “Теңдессіз дұға” подкасында хабарлайды.

Stan.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгінде актриса Назар есімді ұлын жалғыз өзі өсіріп отыр. 

“Ұлым дүниеге келерде өте көп қиналдым. Жүктіліктің тоғызыншы айында соқырішек болып ауырып, үш рет ота жасады. Өзімнен басқасының бәрі жылап жүр. Дәрігерлер де “баланың аман қалу-қалмауы белгісіз” дегенді көп айтты. Бірақ соны ести тұра, мен ұлымның есімін тумай тұрып-ақ ойластырып қойдым. Өзім ғана оның ерекше бала болатынын сездім. Түйсігім алдамады. Әкесі жанында болған жоқ. Бірақ мен ол кісілерді жамандап, “Астарлы ақиқатқа” барып, жұртты шулатпадым. Бар ойым баламды дүниеге аман-есен әкелу еді. Аяғым ауыр кезде өте көп күйзеліске түстім. Сол кезде түсіме бір кісі келіп, ақ шапан жаба беретін. Ақ түс жақсылықтың нышаны деп жоритын едім. Қазір бәріне шүкір деймін. Ұлым 2 жастан асты. Тілі ағылшынша шықты. Үйде ешкім ағылшынша сөйлемейді. Қазақша да сөйлеп, түсінеді. Үлкен адамдар секілді ойлайды. Осының бәрі үздіксіз дұға етуімнің нәтижесінде болған шығар. Ес білгелі сүре оқып келемін”, – дейді актриса.

Сонымен қатар актриса бала күнінде атасының о дүниелік болар сәтінде жанында отырып Фатиха сүресін оқыған көрінеді.

“Ол кезде 5 жастамын. Әлі күнге дейін көз алдымда. Жалпы біздің отбасының бәрі дінге жақын. Үйде өте жиі Құран оқылады. Марқұм атамның жаны шығар кезінде қолын ұстап отырып, “Фатиха” сүресін оқыдым. Өлім деген дүниемен сол кезде алғаш рет бетпе-бет келдім. Атам күліп көз жұмды. Мен үздіксіз білетін дұғаларымды оқи бердім. Анам маған қарап жылап отырды. Бір кезде атамның жаны шығып, бәрі үнсіз қалды. Маған тек сақалына тиіспе деді. Мен жаны шыққан кеудеден қолымды ақырын ғана алдым”, – деп сол күнді есіне алды өнер иесі. 

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады